Альварес – Кроуфорд: Лас-Вегастағы алып бокс кешінің толық карды жарияланды. Құрамда Иван Дычко да бар
13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстың ең көп күткен кештерінің бірі өтеді. Кештің басты оқиғасы – екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек болмақ.
Турнирдің толық карды:
• Сауль Альварес — Теренс Кроуфорд
• Каллум Уолш — Фернандо Варгас
• Кристиан Мбилли — Лестер Мартинес
• Мохаммед Алакель — Джон Орнелас
• Сергей Богачук — Брэндон Адамс
• Иван Дычко — Джермейн Франклин
• Реито Цуцуми — Хавьер Мартинес
• Султан Алмохамед — Мартин Карабальо
• Стивен Нельсон — Райко Сантана
Қазақстандық жанкүйерлердің ерекше назарында – үлкен рингке қайта оралатын Иван Дычко. Жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері өзінің соңғы айқасын биылғы шілдеде Вашингтонда өткізген еді. Ол кезде Дычко америкалық Самуэль Кросседті небәрі бір раундтың ішінде техникалық нокаутпен талқандап, өзінің күшін айқын дәлелдеген болатын.