locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Иван Дычко қазақстандық бокстың құлдырау себептері туралы айтты

Иван Дычко қазақстандық бокстың құлдырау себептері туралы айтты
ФОТО: Getty images

Қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының сәтсіз өнер көрсетуіне өз ойын білдіріп, отандық бокстың құлдырау себептері туралы пікірін ортаға салды.

Қазақстан боксы неге құлдырады? Егер бұрын біз Олимпиададан тұрақты түрде медаль әкелсек, биылғы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

"Менің ойымша, біз бұған дейін Кеңес Одағынан қалған соңғы ресурстарды пайдаланып келдік. Біздегі бапкерлердің көпшілігі сол дәуірдің өкілдері болды. Ал жаңа буынның бапкерлері солардан үйреніп, өз жаңашылдықтарын енгізуге тырысып жатыр. Бұл бір эксперимент іспетті. Қазіргі жас бапкерлерді жаңа дәуірге бейімделуге талпыныс жасайтын буын деп атауға болады. Бірақ біздің бұған дейінгі жетістіктеріміз Кеңес Одағының спорттық дәстүрлерінің нәтижесі еді, ал бұл дәстүрлердің өзіндік шектеулері бар.

Тек спортшылар емес бапкерлерде ізденіс үстінде болып, жаңа нәрсе үйрену керек. Бапкер өз білгенін шәкіртіне үйретеді, бірақ шәкірті оның барлығын қабылдай бермеуі мүмкін. Сондықтан бапкер де заман талабына сай жаңа білім алып, өзін дамытуы керек. Қазіргі уақытта бізде білімнің қайнар көзі жеткілікті, сол себепті шәкірт бапкерден асып түсуі әбден мүмкін. Бұл жағдайда бапкер өз білімін жетілдіріп, шәкіртіне ең құнды және заманауи ақпаратты беруі тиіс,” – деп пікір білдірді Дычко Қанат Исмаиловпен подкаст барысында.

Еске сала кетейік, Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар бар болғаны екі медальмен шектелді. Ерлер арасында күміс жүлдені Нұрбек Оралбай жеңіп алса, әйелдер арасында қола жүлде Назым Қызайбайға бұйырды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie