Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Азия құрамасымен Вальднер кубогын жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz
Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті.
Турнирге Азия және әлем құрамалары қатысты. Азия құрамасының сапында Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, Маника Батра және Қазақстан атынан Кирилл Герасименко өнер көрсетті.
Оларға қарсы Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч ойнады.
Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, Ян-Уве Вальднер – Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада жеңімпазы.