Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, жеңіс жолын жалғастырды
Қазақстандық алып боксшы АҚШ-тағы жекпе-жекте қарсыласына мүмкіндік бермеді
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-тың Вашингтон қаласында америкалық Самуэль Кросседпен қолғап түйістірді.
Ауыр салмақтағы жекпе-жек ұзаққа созылмады – Иван бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекте Дычко қарсыласын белсенді қимылдармен қыспаққа алып, жойқын соққылармен басымдық көрсетті.
Бұл жеңіс Дычконың кәсіпқой рингтегі 15-ші жеңісі болды. Оның 14-і – мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Самуэль Кроссед үшін бұл бесінші жеңіліс болды (11 жеңіс). Қазақстандық боксшы жеңісті дәстүрін жалғастырып, титулдық жекпе-жектерге бір қадам жақындай түсті.
Данияр Елеусинов АҚШ-та қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.