Данияр Елеусинов АҚШ-та қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді
Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне жетіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды
ФОТО: Getty Images
Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусинов америкалық Джеймс Бэйконмен қолғап түйістірді.
Алайда кездесу толық өтпеді – екінші раундта Данияр дәл соққымен қарсыласын бауырдан ұрып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл жеңіс Елеусиновтің кәсіпқой рингтегі 13-ші жеңісі болса, соның сегізі – уақытынан бұрын тіркелген.
Ал Джеймс Бэйкон үшін бұл – мансабындағы алтыншы жеңіліс. Оның еншісінде 26 жеңіс бар.
«Жай ғана үздік». Головкиннің бұрынғы промоутері Усиктің жеңісіне тәнті болды.