locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

IBA президенті Бетербиев - Бивол ұшінші жекпе- жегі өтетін жерді атады

ФОТО: gettyimages.com

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті Екатеринбургте өткізуді ұсынды.

Бұл туралы ол Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен кездесуінде айтты. Кремлев келіссөздер жүріп жатқанын атап өтіп, жекпе-жекті ұйымдастыруға үмітті екенін білдірді.

Өткен жылдың қазан айында Бетербиев Биволды төрешілердің басым шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Алайда ақпанда Бивол қарымта жекпе-жекте жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Алғашқы екі айқас Сауд Арабиясында өткен болатын, содан кейін екі боксшы да үшінші жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді.

"Егер қолдау көрсетсеңіздер, біз жекпе-жекті Екатеринбургте өткізу үшін бар күшімізді саламыз. Келіссөздер жүргізіп, мәселені талқылап жатырмыз. Енді соңғы шешімге келу қалды", – деді Кремлев Telegram-дағы видеода. Бұған жауап ретінде Куйвашев облыстың жекпе-жекті жоғары деңгейде ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Қазіргі таңда Бетербиевтің кәсіби бокстағы рекорды – 21 жеңіс, 1 жеңіліс. Биволдың көрсеткіші – 24 жеңіс, 1 жеңіліс. Жекпе-жектің нақты қай жерде өтетіні жақын арада белгілі болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie