locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкин қайта оралады ма? Бокс аңызы рингке қайта шығу жайлы сенсациялық мәлімдеме жасады

Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді
Головкин қайта оралады ма? Бокс аңызы рингке қайта шығу жайлы сенсациялық мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі әлемдік бокстың аңызы Геннадий Головкин өз камбэгі жайлы сөз қозғап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

World Boxing аясындағы тарихи әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бірнеше жүлде жеңіп алған сәтте, Геннадий BoxingScene тілшілеріне берген сұқбатында қайтадан бұрынғы сезімдерді бастан кешіріп жүргенін жасырмады.

«Иә, неге болмасқа? Мен өзімнің ескі эмоцияларымды қайта сезініп жүрмін», – деді Головкин ықтимал оралуы туралы сұраққа жауап беріп.

Алайда ол нақты мерзім мен ықтимал қарсыласының есімін жария етуден бас тартты.

Геннадийдің еншісінде 45 жекпе-жек бар: 42 жеңіс (оның 37-сі нокаутпен), екі жеңіліс (екеуі де Сауль Альварестен) және бір тең нәтиже. Соңғы рет ол 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареспен кездесіп, ұпай санымен жеңілген болатын.

Бұған дейін америкалық БАҚ Геннадийдің бұрынғы әлем чемпионы Андре Уордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie