locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

GGG-дің соңғы шайқасы ма? Головкинге жеңілмеген боксшыға қарсы жекпе-жек ұсынылды

Генадийге жаңа жекпе-жек ұсынылды
GGG-дің соңғы шайқасы ма? Головкинге жеңілмеген боксшыға қарсы жекпе-жек ұсынылды
ФОТО: Getty images

Геннадий Головкиннің рингтегі болашағына қатысты әлі де нүкте қойылған жоқ. Дегенмен, аты аңызға айналған қазақстандық боксшы ресми түрде мансабын аяқтамай жатып, оның есімі айналасында жаңа әрі даулы ұсыныстар туындап отыр. Бұл жолы бастама әлемдегі ең беделді спорт басылымдарының бірі - Sports Illustrated-тен келді.

Журнал күтпеген ой тастады: GGG үшін қоштасу жекпе-жегінде қарсылас ретінде жеңіліс көрмеген бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд лайықты таңдау болар еді. Америкалық боксшы жақында рингке қайта оралуға дайын екенін мәлімдеп, ықтимал қарсыластарының қысқа тізімін жариялаған. Сол тізімнің басында — Геннадий Головкин бар.

Бұл тартысты жекпе-жек алғаш рет 2015 жылы шындыққа айналардай еді. Алайда Roc Nation Sports мәліметінше, келіссөздер небәрі жарты сағатқа созылып, Головкиннің командасы назарын Давид Лемьемен өтетін біріктіру айқасына аударған.

Сол кезден бері көп нәрсе өзгерді. GGG 2022 жылы Сауль «Канело» Альвареске есе жібергеннен бері рингке шыққан жоқ, ал Уорд мүлде жеңілмеген күйде спорттан кеткен. Sports Illustrated пікірінше, қазақстандық боксшы 43 жасында бір мәртебелі жекпе-жекке оралып, мансабын жеңіспен аяқтауға мүмкіндік алуы мүмкін.

Головкиннің кәсіби статистикасында - 45 айқас, 42 жеңіс, 2 жеңіліс (екеуі де Канелоға қарсы) және 1 тең нәтиже. Ал ресми қоштасу мәлімдемесі әлі жасалған жоқ. Өз кезегінде Канело да бірнеше рет Головкинмен өткен айқастар ю оның мансабындағы ең ауыр сынақтар болғанын мойындаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie