locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Финалға сенімді қадам: Бекзад Нұрдәулетов Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық әлем чемпионы өз еліндегі турнирде австралиялық қарсыласын сенімді жеңіп, жүлделі орынға ие болды
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Финалға сенімді қадам: Бекзад Нұрдәулетов Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында сәтті бастама жасады.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда ол Австралия өкілі Лаклан Лоусонмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, Бекзад жарыстың жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальды қоржынға салды. Ал оның қарсыласы Лоусон бұл додада жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов - 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал Лоусон әзірге халықаралық аренада елеулі жетістіктерге жете алмай, ұлттық деңгейдегі нәтижелермен ғана шектеліп жүр.

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie