Санжар Тәшкенбай бокстан әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды
2023 жылғы әлем чемпионы өз еліндегі турнирде сенімді бастама жасап, кемінде қола медальді қамтамасыз етті
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда ол Жапония өкілі Содай Котомен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша, 22 жастағы Тәшкенбай турнирдің жартылай финалына өтіп, кем дегенде қола жүлдені иеленуге кепілдік алды. Ал оның қарсыласы медальсыз қалды.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері.