Абылайхан Жүсіпов финалда өзбек боксшысын жеңіп, беделді турнирдің чемпионы атанды.
Бокс
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Нидерландта өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшы финалда Өзбекстан өкілі Муйдинхужаев Асахұжамен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта боксшының қабағы жарылған себебімен тоқтатылды.
Турнирдің жартылай финалында Жүсіпов бельгиялық боксшы Кадури Анасты жеңген болатын.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов Қазақстан атынан турнирдің екінші чемпионы атанды. Бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Даниял Сәбит Моңғолия боксшысын ұтқан болатын.