locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екінші алтын. Бахрейндегі жарыста Досжан Жұмахан ел намысын тағы бір мәрте қорғады

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан екінші алтын
Екінші алтын. Бахрейндегі жарыста Досжан Жұмахан ел намысын тағы бір мәрте қорғады
ФОТО: olympic.kz

Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Досжан Жұмахан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Шешуші финалдық жекпе-жекте ол ирандық спортшы Матин Чамипуды 3:2 есебімен жеңіп, еліміздің туын биікке көтерді.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін бокстан екінші алтын болды. Бұған дейін 50 келі салмақта Жұмағали Нұрмахан қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ел қоржынына алғашқы алтынды салған еді.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 20 алтын және жалпы 74 медаль бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie