Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ: \"Мен бірден басшылық қызметке келген жоқпын\"
Рио және Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия ойындарының чемпионы Әділбек Ниязымбетов кезекті бір сұхбатында басшылық қызметке қалай келгендігі және бос уақытында тарихи кітаптар оқитынын айтты.
Айта кетейік, қазір ардагер боксшы Маңғыстау облысында бокс мектебін басқарады.
"Басшылық қызмет атқару әрине қиын. Мен бірден бастық болмадым. Астана қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы интернатта әдіскер болып жұмыс істедім. Сонымен қатар, "Олимпиадаға даярлау" орталығында да әдіскер болып қызмет атқардым. Бұл қызметіме тәжірибе жинап болған соң келдім.
Тарихи кітаптарды оқыған ұнайды. Кезінде аталарымыздың қалай соғысқаны, Қазақ хандығының құрылуы туралы кітаптарды оқып жүрмін. Бұрын оқу-жаттығу кезінде жеке басым кітап оқымадым. Қазіргі таңда бокстағы мансабымды аяқтаған соң, сондай-ақ жұмыс істеп жүргендіктен, кітапты міндетті түрде оқу керек деп санаймын", - деп айтты Ниязымбетов.
Қазіргі таңда Әділбек Ниязымбетов Шымкентте "Алматауда" оқу-жаттығу жиындарда спортшылардың жанында жүргенін атап өтті.