Бразилияда бокстан әлем кубогының бірінші кезеңі басталады


30 наурызда Бразилияда бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңі басталады.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, айтулы турнир 30 наурыз — 6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Әлем кубогында еліміздің атынан ерлер құрамасында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым — 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.
Қазақстандық жас боксшылар халықаралық турнирде сегіз алтын еншіледі

Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:05

Теннис
Бүгін 08:51

Теннис
Бүгін 07:51