Қазақстандық жас боксшылар халықаралық турнирде сегіз алтын еншіледі
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Орал қаласында Манарбек Ықсановты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер арасындағы бокстан турнир өтті.
Жарыс барысында 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар:
- Айтор Қайырбеков (44 кг)
- Бекхон Кодирбек (50 кг)
- Асылхон Ғазиз (52 кг)
- Жанарыс Дүйсенбай (54 кг)
- Диас Сәбит (60 кг)
- Қуаныш Аманқұл (70 кг)
- Еркебұлан Әлі (80 кг)
- Нұрбек Сержанұлы (80+ кг)
Қырғызстаннан келген спортшылар төрт алтынды еншіледі: Муслим Паншер (46 кг), Зубаир Акрамов (57 кг), Кутман Дүйшөналиев (63 кг) және Абубакр Дүйшеев (66 кг).
Тағы екі алтын Тәжікстан құрамасына бұйырды: Бехруз Умаров (48 кг) пен Амир Нозимов (75 кг).
Төрехан Сабырханның кәсіби рингтегі дебюттік жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды