locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төрехан Сабырхан қай салмақта бокстасқан тиімді екенін айтты

Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Төрехан Сабырхан қай салмақта бокстасқан тиімді екенін айтты
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы, жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан қай салмақта бокстасқан тиімді екенін айтты. Ол бұл туралы «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

«Менің салмағым 71 келі. 65 келіге ауысу қатты қиын емес. Ал 70 келіге ауысу үшін, салмағым 75-76 келі болу қажет. Бұл салмақта тәжірибелі Абылайхан Жүсіпов бар. Алдағы уақытта салмағым өсіп жатса, онда көтерілемін. Егер осы қалпымда қалсам, онда 65 келіде қала беремін. Барлығы уақыт еншісінде», - деді Төрехан Сабырхан.

Бесінші сәуірде Төрехан Сабырхан Астанада кәсіпқой бокстағы дебютін жасады. Ол чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie