Бокстан Қазақстан чемпионаты: үшінші күннің қорытындылары
Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алдын ала жекпе-жектері аяқталды.
Жеребе тарту бойынша үшінші күні А және В рингтерінде 56 жекпе-жек өтті. Сондай-ақ ширек финалға шыққан барлық былғары қолғап шеберлері анықталды.
Күннің басты оқиғалары: жастар арасындағы Азия чемпионы Ерасыл Ермектің жекпе-жегі, Азия чемпионы Кенже Мұратұлының бірінші раундта жеңіске жетуі, әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Серік Теміржановтың жеңісі және жеңілмеген профи Жолдас Жеңісовтың сенсациялық жеңілісі.
Ертең, 21 желтоқсанда ел біріншілігінің ширек финалдық жекпе-жектері басталып, екі күн бойы екі сессияда өтеді. Жартылай финал 23 желтоқсанда өтсе, финалдық кездесулер 24-іне жоспарланған.
Футбол
Бүгін 15:45
Бокс
Бүгін 14:34