Ханси ФЛИК: \"Мойындау керек, Атлетико қазір ең мықты команда\"
“Барселонаның” бас бапкері Ханси Флик Испания Ла Лигасының 18-ші турының негізгі ойыны: “Барселона” - “Атлетико Мадрид” матчы алдында мәлімдеме жасады.
"Мойындау керек, Атлетико қазір ең мықты команда. Оларда қатарынан 11 жеңіс бар. Матч қиын болады және біз оны асыға күтеміз. Бірақ бұл финал емес.
Егер жобамыз енді ғана басталғанда біреу 20 желтоқсанда Ла Лигада бірінші, Чемпиондар лигасында екінші боламыз десе, біз: “Жарайды, келісеміз” деп жауап берер едік.
“Атлетикомен” ойын басқаша болады. Бізде жақсы әрі жас команда бар, бірақ әлі де жетілуіміз керек. Біз маусымның соңына дейін күресеміз. Осы маусымда үлкен жетістікке жеткіміз келеді, бірақ мен және менің командам бұл оңай емес екенін біледі", - деді маман.
Естеріңізге сала кетейік, алпауыттардың кездесуі 22 желтоқсанда Барселонадағы “Олимпико” стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталады.