locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әбікеева тартысты жекпе-жекте тарихи әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақ боксшысы Ливерпуль төрінде кездесудің тағдырын өзгертіп, жүлде үшін күресін жалғастыруда
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Әбікеева тартысты жекпе-жекте тарихи әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
ФОТО: ҚБФ

Қазақстандық спортшы Аида Әбікеева ересектер арасында World Boxing ұйымы өткізген алғашқы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсете бастады.

Біріншілік қыркүйектің 4–14 аралығында Ливерпульде өтіп жатыр.

Тұсаукесер жекпе-жегінде оның қарсыласы венгриялық Луца Хамори болды. Алғашқы раунд түгелдей қарсыласқа тиесілі болды — төрешілер бірауыздан 5:0 есебін тіркеді. Алайда екінші үш минуттықта жағдай күрт өзгерді: Әбікеева басымдықты өз қолына алып, дәл сондай есеппен таразы басын теңестірді.

Барлығын шешкен үшінші раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық көрсетті. Қорытындысында төрешілер бірауыздан 5:0 есебін жариялап, жеңісті Аидаға берді. Осылайша, ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға жолдама алды, ал Хамори жарысты алғашқы айналымда аяқтады.

Еске сала кетейік, осы жылдың көктемінде Аида Сербияның Ниш қаласында өткен IBA Әлем чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.

Қазіргі таңда World Boxing өткізген әлемдік додаға 60-тан астам елдің өкілдері қатысып жатыр.

Сондай-ақ Карина Ибрагимова Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie