Қазақ боксшысы Карина Ибрагимова Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақ боксшысы Карина Ибрагимова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалдағы жекпе-жекте ол Грекия өкілі Панайота Кузилумен қолғап түйістірді. Ибрагимова айқын басымдықпен жеңіске жетті: төрешілердің шешімі бойынша есеп 5:0 болды. Осылайша, қазақстандық боксшы 1/8 финалға шықса, қарсыласы жарысты алғашқы кезеңнен аяқтады.
Еске сала кетсек, Карина Ибрагимова – 2022 жылғы Азия чемпионы әрі IBA ұйымдастырған әлем біріншіліктерінің үш дүркін жүлдегері.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы өткізген ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Біріншілік 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Сондай-ақ Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет шығынға ұшырады.