locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Басты айқас – Усик пен Дюбуа. «Уэмблиде» тағы кімдер жұдырықтасады?

Усик – Дюбуа 2: «Уэмблидегі» бокс кешінің толық карды жарияланды
Басты айқас – Усик пен Дюбуа.  «Уэмблиде» тағы кімдер жұдырықтасады?
ФОТО: Getty images

2025 жылғы 19 шілдеде Лондонда орналасқан әйгілі «Уэмбли» стадионында жылдың ең күтілетін бокс оқиғаларының бірі өтеді. Кештің басты шайқасы – абсолютті әлем чемпионы атағы үшін украиналық Александр Усик (23-0-0) пен британдық Даниэль Дюбуа (22-2-0) арасындағы көптен күткен реванш болады.

Ұйымдастырушылар бұл шоу кешінің толық андеркард тізімін ресми түрде жариялады. Бағдарламада чемпиондар мен жеңіліп көрмеген былғары қолғап шеберлерінің бірқатар тартысты жекпе-жектері бар.

Кеш аясындағы жекпе-жектер тізімі:

• Владислав Сиренко (22-0-0) — Соломон Дакрес (9-1-0)
• Аадам Хамед (5-0-0) — Эзекиль Грегорес (3-24-0)
• Лаша Гурули (1-0-0) — Джеймс Фрэнсис (7-1-0)
• Даниэль Лапин (11-0-0) — Льюис Эдмондсон (11-0-0)
• Лоуренс Околи (21-1-0) — Кевин Лерена (31-3-0)

Андеркард Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, ал басты жекпе-жек – шамамен 01:30-да өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie