Александр Усик - Даниэль Дюбуа арасындағы қарымта жекпе-жек ресми түрде бекітілді. Айқас Кличконың туған күнінде өтеді
Бокс
27 сәу 2025 16:10

Дамир Кошечкин
Журналист

Александр Усик - Даниэль Дюбуа арасындағы қарымта жекпе-жек ресми түрде бекітілді. Айқас Кличконың туған күнінде өтеді
38 жастағы украиналық боксшы Александр Усик (23-0, 14 КО) пен 27 жастағы британдық Даниэль Дюбуа (22-2, 21 КО) арасындағы қарымта кездесу өтетін болды.
Британдық боксшының промоутері Фрэнк Уорренге тиесілі «Queensberry Promotions» компаниясы жекпе-жектің 19 шілдеде Лондондағы әйгілі «Уэмбли» стадионында өтетінін ресми жариялады.
Қызығы, бұл күні Киевтің мэрі әрі аты аңызға айналған боксшы Виталий Кличконың туған күні тойланады.
Александр Усик қазіргі таңда аса ауыр салмақтағы WBC, WBO, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Даниэль Дюбуа IBF белбеуіне иелік етеді.

2023 жылы Усик Дюбуаға қарсы жекпе-жекте тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Танымал жаңалықтар

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек