Бангкокта өтетін бокс кешінде 4 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: instagram.com
1 ақпан күні Бангкокта бокс кеші өтеді. Оған қазақстандық 4 боксшы қатысады.
Бокс кешін Қазақстанның Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатыр.
1. Руслан Мадиев (16-2, 6 КО) – Али Канега (11-1-1, 7 КО), Филиппин.
Жартылай орта салмақтағы (-66,7 келі) WBA Asia чемпиондық атағы үшін өтеді – 10 раунд
2. Елшат Нығметолла (20-0-1, 7 КО) – Фласидус Нуно (10-1-2, 8 КО), Индонезия.
Жеңілірек салмақтағы (-53,5) WBA Asia чемпиондық атағы үшін өтеді – 10 раунд
3. Нұрдос Төлебай (13-0, 10 КО) –Амирхоссейн Арзи (2-0, 2 КО), Иран.Бірінші жартылай орта салмақ (-63,5) – 8 раунд
4. Армат Арманұлы (1-1) –Хабиб Ур Рехман (6-1, 5 КО), Пәкістан.Орта салмақ (-72,6) – 6 раунд