locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның көрікті боксшысы рингке қайта оралады. Оның қарсыласы кім болмақ?

Балауса Мұздыман рингке қайта оралады
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстанның көрікті боксшысы рингке қайта оралады. Оның қарсыласы кім болмақ?
ФОТО: IG Балауса

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман 27 желтоқсанда Алматыда кезекті кәсіби жекпе-жегін өткізеді. Бұл ақпаратты Али Ахмедовтың промоутерлік компаниясы ресми түрде растады, ұйым Instagram парақшасында алдағы шоуға арналған арнайы жарнама жариялады.

Промоутерлік компания өкілдерінің айтуынша, Балауса қайтадан өз деңгейін дәлелдеуге дайын. Ол бұл кездесуге барынша жоғары дайындықпен келіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын лайықты түрде иеленгенін тағы бір мәрте дәлелдеуді мақсат етеді. Ұйымдастырушылар жекпе-жектің күні, уақыты және өтетін орнын ресми мәлімдеді. Ендігі басты интригасы - жылдың шешуші айқасында оның қарсыласы кім болатыны.

Айта кетейік, Балаусаның алдыңғы жекпе-жегі де Алматыда өткен болатын. Қыркүйек айында ол үнді боксшысы Мамта Сингхті (8–3–1, 4 КО) техникалық нокаутпен сенімді түрде жеңіп, жанкүйерлерін ерекше қуантқан еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie