Қазақстанның ең тартымды боксшысы он раундтық айқаста жеңіліс тапты
Мысыр астанасында қазақстандық әйелдер боксының жарқын өкілі Ангелина Лукас қатысқан күздің ең көп талқыланған жекпе-жектерінің бірі өтті. Каирдегі бокс кешінің басты айқасында ол АҚШ өкілі Катрин Рене Линдемутпен қолғап түйістірді. Кездесу WBA Gold World нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына, жеңіл салмақ дәрежесінде (50,8 кг дейін) өтті.
Жекпе-жек алғашқы раундтардан-ақ шиеленіске толы болды. Лукас әдеттегіше қарсыласына қысым көрсетіп, кездесу қарқынын өзі бақылауға тырысты. Дегенмен Линдемут бұл қарқынға төтеп беріп, өз тактикасын тиімді қолдана білді. Айқас толық он раундқа созылды, ал төрешілердің бөлінген шешімі жеңісті америкалық боксшыға берді.
Бұл Ангелина Луканың кәсіби мансабындағы екінші жеңілісі.
Еске сала кетейік, осы жылдың жазында Лукас туған Таразда өткен бокс кешінде чилилік Даниэла Асенхоны мерзімінен бұрын жеңіп, екінші жеңіл салмақтағы IBO белбеуін сәтті қорғаған болатын.