locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ангелина Лукас Таразда өткен реваншта Асенхоны мерзімінен бұрын жеңіп, IBO әлем чемпионы атағын қорғады

Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ангелина Лукас Таразда өткен реваншта Асенхоны мерзімінен бұрын жеңіп, IBO әлем чемпионы атағын қорғады
ФОТО: Getty Images

Казақстандық боксшы Ангелина Лукас (15 жеңіс, 1 жеңіліс, 7 нокаут) екінші жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.

Жекпе-жек Тараз қаласында өткен кәсіпқой бокс кеші аясында өтті.

Лукас бұл жолы чилилік қарсыласы Даниэла Асенхомен (17-4-3, 2 KO) қайта қолғап түйістірді. Бұған дейін екеуі бір-бірімен кездескен, ал бұл жекпе-жек қос спортшы үшін реванш болды.

Бастапқыда жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ жетінші раундтың алдында Асенхо шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша, Ангелина Лукас мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, кәсіпқой мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жеңісі арқылы Лукас әлем чемпионы белбеуін сақтап қалды және халықаралық аренадағы беделін нығайтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie