locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақ боксшысы өзбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, жасөспірімдер Азия ойындарында алтын алды

Даниял Шалқарбай – жасөспірімдер Азия ойындарының чемпионы
Қазақ боксшысы өзбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, жасөспірімдер Азия ойындарында алтын алды
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Даниял Шалқарбай Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық қарсыласы Саидхужа Садиллахужаевты сенімді түрде ұтып, чемпион атанды.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Шалқарбай басымдық танытты - төрешілердің төртеуі бірінші раундты қазақстандықтың пайдасына бағалады. Ал екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 5:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 22 алтын және жалпы 77 медаль бар.

Бұған дейін рингте Жұмағали Нұрмахан (50 кг), Досжан Жұмахан (54 кг) алтыннан алқа тағып, ел намысын абыроймен қорғаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie