Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Хабаровскіде өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Константин Коротковты еске алуға арналған беделді халықаралық бокс турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Жартылай финалдық жекпе-жекте Базарбайұлы турнир иесі – ресейлік Егор Козорезовпен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті ресейлік спортшыға берді – есеп 5:0. Осылайша, қазақстандық боксшы турнирді жартылай финалда аяқтап, қола жүлдеге ие болды.
Оған дейінгі ширек финалда Мұхаммедсабыр өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, Беларусь өкілі Даниил Титконы айқын басымдықпен жеңді. Қарсыласынан басым түсіп, төреші жекпе-жекті бірінші раундта-ақ тоқтатуға мәжбүр болды.