Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде жарқын жеңіспен бастады.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Беларусь елінің өкілі Даниил Титько болды. Жекпе-жектің алғашқы раундын-ақ Базарбайұлы белсенді бастап, қарсыласын екі мәрте тік тұрған күйінде нокдаунға жіберді. Қазақстандық боксшының толық басымдығынан кейін төреші айқасты тоқтатып, жеңісті Мұхаммедсабырға берді.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында 63,5 келі салмақта өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен. Сондай-ақ, Тайландтың Чиангмай қаласында өткен 2024 жылғы Азия чемпионатының да ширек финалисті атанған.