Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионаты-2026-дағы алғашқы қарсыластарын білді
Қазақстан әйелдер құрамасының бокстан Азия чемпионаты-2026-дағы алғашқы қарсыластары анықталды. Бұл жарыс Моңғолияның Улан-Батор қаласында 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.
48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Айгерім Саттыбаева өзбекстандық Сабина Бобокуловамен қолғап түйістіреді.
51 кг дейінгі салмақта Жазира Урақбаева Солтүстік Корея өкілі Кум Бёл Анға қарсы шығады.
54 кг дейінгі санатта Элина Базарова үндістандық Притимен жұдырықтасады.
57 кг дейінгі категорияда Улжан Сарсенбек тайландтық Пунрави Руенрос пен вьетнамдық Хьен Тран Нгуен жұбының жеңімпазымен кездеседі.
60 кг дейінгі салмақта Римма Волосенко үндістандық Приямен күш сынасады.
65 кг дейінгі дәрежеде Лаура Есенгельды үндістандық Анкушита Бороға қарсы шығатын болады.
70 кг дейінгі салмақта Бақыт Сейдиш Оңтүстік Кореялық Суджин Сон мен қытайлық Алимире Абудурейиму жұбының жеңімпазымен кездеседі.
75 кг дейінгі санатта Валентина Хальзова Оңтүстік Кореялық Суён Сонмен жұдырықтасады.
80 кг дейінгі салмақта Надежда Рябец үндістандық Пуджа Ранимен шаршы алаңға шығады.
80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде Дина Исламбекова өзбекстандық Олтина Сотимбоевамен кездеседі.