Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді
2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, ол 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Улан-Баторда (Моңғолия) өтеді.
50 кг дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай Бекзат Эргешов (Қырғызстан) – Вишванат Суреш (Үндістан) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
55 кг дейін Махмуд Сабырхан Махди Аль-Машалех (Иордания) – Шахзод Музаффаров (Өзбекстан) жұбының үздігімен жұдырықтасады.
60 кг дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов Филиппиндік Пол Джулифер Басконмен кездеседі.
65 кг дейін Ертуған Зейнұллинов Тайвандық Ю Линьге қарсы шығады.
70 кг дейінгі салмақта Торехан Сабырхан Ён Су Ким (Оңтүстік Корея) – Шамшер Саидов (Тәжікстан) жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткізеді.
75 кг дейін Сабыржан Аққалықов жапондық Таига Ягимен айқасады.
80 кг дейінгі салмақта Ерасыл Жақпеков Сагын Сатыбалды ұлы (Қырғызстан) – Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан) жұбының үздігімен жұдырықтасады.
85 кг дейін Нұрбек Оралбай Бариахан Дорж (Моңғолия) – Мохаммад Сулейман (Иордания) жұбынан мықты шыққан боксшымен кездеседі.
90 кг дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай Қытайлық Хань Сюэчжэнмен рингке шығады.
90 кг-нан жоғары Айбек Оралбай Бекнұр Хали (Моңғолия) – Арман Маханов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазымен айқасады.