Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет шығынға ұшырады
Элина Базарова алғашқы жекпе-жекте жеңіліп, турнирден шықты
ФОТО: Оlympic.kz
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы спортшысын жоғалтты.
Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке шыққан Элина Базарова 54 килограммға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигина Уктамоваға есе жіберді. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына шешілді. Екінші үш минуттық та Уктамованың еншісіне жазылды. Нәтижесінде, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Нигинаға бұйырды.
Осылайша, өкінішке қарай, Базарова бұл әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Рингке екінші болып шыққан Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жарысты жеңіспен бастады.