Қазақстандық Сағындық Тоғамбай 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Ол қазылар шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Англияның Ливерпул қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіспен бастады.
Тоғамбай әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.
Алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы британдық Айзек Око болды. Бірінші раундты қарсыласы өз пайдасына шешкенімен, қазақстандық боксшы ақырында төрешілердің бөлек шешімімен — 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының әр боксшысының алдағы әлем чемпионатында жүлде алу мүмкіндігі туралы талдау жарияланған болатын. Жақында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары да анықталды.