Қазақстан қанша медаль жеңіп алды? Бокстан Дубайдағы ӘЧ-2025 қорытындысы
2025 жылы Дубайда өткен бокстан әлем чемпионаты Қазақстан ұлттық құрамасы үшін әрқилы әсерге толы болды. Турнир басталысымен-ақ бірқатар боксшылар жүлдесіз қалып, команда үшін ауыр сәттер орын алды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, құрама соңына қарай еңсесін тіктеп, медальдық жетістікке қол жеткізе білді.
Әлем біріншілігінде жүлдесіз қалған қазақстандық боксшылар қатарында Даниял Сабит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатали Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг), Нұрмағамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) бар. Кейбірі үшін турнир күткеннен ерте аяқталды.
Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы Дубайда өз әлеуетін айқын көрсетті. Ел қоржынына алты медаль түсті.
Әлем чемпионы атағын Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) жеңіп алды. Сабыржан Аққалыков (75 кг) күміс жүлдеге ие болса, Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дубайдағы әлем чемпионатына барлығы 13 боксшыны тіркеді. Қорытынды нәтиже - алты жүлде.