locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабыржан Аққалықов бокстан әлем чемпионатының финалында жұдырықтасты

Қазақстандық боксшы беделді турнирде қандай нәтиже көрсетті?
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өткен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте Аққалықов Исмаил Муцольговпен қолғап түйістірді.

Бұл тартысты айқас Муцольговтың төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетуімен аяқталды.

Исмаил Муцольгов әлем чемпионатының «алтын» жүлдесін иеленсе, Сабыржан Аққалықов қоржынына «күміс» салды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алған болатын. Әлем чемпиондары атанғандар: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie