locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ангелина Лукас Токио Олимпиадасы алдында өзге елдер оны қалай азғырғанын ашып айтты

Ангелина Лукас Токио Олимпиадасы алдында өзге елдер оны қалай азғырғанын ашып айтты
ФОТО: Getty images

Қазақстан әйелдер боксының жарқыраған жұлдыздарының бірі Ангелина Лукас Токио Олимпиадасы алдында шетелден түскен ірі ұсыныстар туралы айтты. Бұл жайлы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада алдында маған екі мемлекеттен үлкен келісімшарт ұсынылды. Төлқұжат ауыстырып, сол елдің атынан Олимпиадаға қатысуымды сұрады. Ұсынған сома да аз емес - миллиондаған доллар. Бірақ мен Отанымды сатқан жоқпын және ешқашан сатпаймын», - деді Лукас.

Ангелина Лукас 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен жоқ. Өткен жылы оған Париж Олимпиадасына лицензиялық турнирге қатысу ұсынылған болатын, бірақ ол кәсіби рингтегі тығыз жекпе-жек күнтізбесін алға тартып, бұл мүмкіндіктен бас тартты.

Лукас пен ұлттық құрама арасындағы жағдай сол жылы үлкен дауға ұласты. 2021 жылы Ангелина Қазақстан құрамасынан қуылды. Ангелина бұл шешімге себепкер болған деп үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды айыптады. Кейін спортшы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық түрде көмек сұрап жүгінді.

Осы оқиғаға Олимпиада чемпиондары да араласты. 2021 жылдың маусымында ұлттық құрамаға мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалған Бақтияр Артаев, Ангелинаның айтуынша, оны құрамадан шығару шешімін қолдағандардың бірі болған. Ал Бақыт Сәрсекбаев керісінше, Лукасқа араша түсіп, оның құрамадан шығарылуының себептері тіпті күлкілі, яғни «сиқырмен айналысты» дегендей негізсіз айыптауларға негізделгенін айтқан.

Қазіргі таңда Ангелина Лукас кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жеткен (оның жетеуі — нокаутпен), тек бір рет жеңілді. 8 сәуірде Ангелина BoxRec рейтингінің жаңартылған нұсқасы бойынша өз салмақ дәрежесінде әлемнің үздік үш боксшысының қатарына енді.

ФОТО: IАнгелина Лукастың G stories-і
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie