locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
ФОТО: IG Ангелина Лукас

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас әйелдер арасындағы әлемдік кәсіпқой бокс рейтингінде топ-3-ке енді. Бұл туралы спортшы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуана хабарлады.

«Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Мен кәсіпқой бокстағы 224 спортшының ішінде әлемдік рейтингтің үздік үштігіне ендім. Енді мен ресми түрде абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жекке шығуға лайықпын!» – деп жазды Лукас.

Ангелина өз мақсатына сенімді қадам жасап келеді. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, 14 мәрте жеңіске жеткен (оның жетеуін нокаутпен), тек бір рет қана жеңіліс тапқан.

Ангелина туған қаласы Таразда жекпе-жек өткізуді армандайтынын айтты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie