locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
ФОТО: Getty images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас әйелдер боксы тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында әлемдік рейтингтің үздік екідігіне енгенін және абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғанын хабарлады.

«Қазақстан әйелдер кәсіпқой боксы тарихында тұңғыш рет қазақстандық әлемдік рейтингте топ-2 қатарына енді», – деп жазды Лукас.

Ангелина Лукас – IBO, WBF, WIBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегін ол Боливия боксшысы Есения Токомен өткізді. Стамбулда өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын (әр раунд – 2 минут), алайда екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Лукас соққысының астында қалған қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Кәсіпқой рингте Лукас 15 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жеткен (7 – нокаутпен) және тек бір рет жеңілген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie