Ангелина Лукас — келесі жекпе-жегі жайлы: Менде сіздерге керемет жаңалық бар


IBO, WBF, WIBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы саналатын қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас алдағы жоспарлары туралы бөлісті.
«Достар, баршаңызға қайырлы түн. Менде сіздерге керемет жаңалық бар! Мен әлем чемпионы атағын қорғау жекпе-жегін Қазақстанда өткізгім келеді. Бұл тек мен үшін емес, мен туған және өскен Тараз қалам үшін де тарихи маңызды оқиға болатынына сенімдімін», – деп жазды Ангелина Лукас Instagram парақшасында.
Лукас жекпе-жекті дәл Таразда өткізу үшін барын салатынын айтты. Оның айтуынша, бұл — өзінің арманы әрі Қазақстан тарихындағы ортақ оқиға.
Қазіргі таңда Ангелина Лукас кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен (оның 7-еуін нокаутпен аяқтаған), тек бір рет жеңілген.
2 сәуір күні Ангелина Лукас BoxRec+ рейтингінде төртінші орынға көтерілгені белгілі болды.
