locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматыда ұлттық құраманың үздік боксшылары кәсіпқой рингте дебют жасайды

Қазақстан құрамасының жұлдыздары Алматыда кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізеді
Алматыда ұлттық құраманың үздік боксшылары кәсіпқой рингте дебют жасайды
ФОТО: KBF

11 шілде күні Алматыда отандық бокс жанкүйерлері үшін ерекше кеш өтпек. Қазақстан құрамасының бірқатар атақты былғары қолғап шеберлері алғаш рет кәсіпқой рингке шығуға дайындалып жатыр. Бұл жөнінде спорт журналисті Уәлихан Қосанбай хабарлады.

Кештің басты кейіпкері – әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, тактикалық шеберлігімен танылған Дулат Бекбауов болмақ. Сонымен қатар, екі дүркін Қазақстан чемпионы Илья Калинин мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы Елнұр Сүйінбай да кәсіпқой бокста алғашқы қадамдарын жасайды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстан құрамасының көшбасшылары бірінен соң бірі кәсіпқой боксқа бет бұрып жатыр. Жақында ғана әлем чемпионы Сәкен Бибосынов та профи рингтегі дебюті жайлы мәлімдеген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie