locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Али Балоев 28 ақпанда Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді

Али Балоев 28 ақпанда Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді
ФОТО: Али Балоев

Қазақстандық бірінші ауыр салмақтағы боксшы Али Балоев (13-2-1, 8 КО) 28 ақпанда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол Астанадағы бокс кешінің аясында шаршы алаңға шығады. Балоевтың қарсыласы Қытайлық Нурлан Озат (16-3-2, 13 КО) болмақ. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Али Балоев соңғы рет 24 шілдеде Мәскеуде (Ресей) жекпе-жек өткізіп, Виталий Кудуховтан (7-2, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңіліс тапқан.

Нурлан Озат болса, 16 қарашада Қытайдың Тачэн қаласында өнер көрсетіп, конголық Мби Жозе Бальдоничені (0-1) үшінші раундта нокаутпен жеңген. Бұған дейін Озат WBC Far East (екінші орта салмақ) және WBO Oriental (жартылай ауыр салмақ) титулдарының иегері атанған болатын.

Қазақстандық боксшылар Belgrade Winner турниріне қатысады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie