Қазақстандық боксшылар Belgrade Winner турниріне қатысады
4-10 ақпан аралығында Сербияның Белград қаласында Еуропадағы ең көне турнирлердің бірі – “Belgrade Winner-62” халықаралық бокс жарысы өтеді.
Бұл турнирге Қазақстан атынан 15 боксшы қатысады:
48 кг – Нұрғиса Тұрабеков
51 кг – Рамазан Нұрлыбаев
54 кг – Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы
57 кг – Жансері Көшербаев
63,5 кг – Бекзат Мақжан
67 кг – Илья Калинин, Нұрбек Мурсал
71 кг – Өнер Сейілхан
75 кг – Бақберген Алиасқаров, Санжаралы Бегалиев
80 кг – Ильяр Аширов
86 кг – Дәурен Мамыр
+92 кг – Нұрасыл Асылхан
Турнир IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) аясында өтеді және алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.
Өткен жылы бұл жарысқа 16 елден 128 боксшы қатысып, үздік боксшы атағын Черногориялық Томислав Джинович иеленген.
2025 жылы турнирдің маңызы ерекше, себебі наурыз айында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында, ал мамыр-маусым айларында ерлер арасында әлем чемпионаты өтеді.