locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Али Ахмедов масқара жеңілістен кейін қайта оралып, Алматыны жаңа жеңісімен дүр сілкіндірді

Али Ахмедов Алматыдағы бокс кешінде жарқырады
Али Ахмедов масқара жеңілістен кейін қайта оралып, Алматыны жаңа жеңісімен дүр сілкіндірді
ФОТО: nur.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (24-2, 17 KO) Алматыда өткен үлкен бокс кешінде басты жұлдыз ретінде қайта рингке көтерілді.

Кештің орталық жекпе-жегінде ол танзаниялық боксшы Джозеф Майгвисиямен (14-5, 10 KO) жұдырықтасты. Суперорта салмақтағы бұл айқас он раундқа жоспарланып, тартысты өткеніне қарамастан, қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтату Ахмедовтің қолынан келмеді. Майгвисия шыдамдылық танытып, соңына дейін төтеп берді. Дегенмен, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға жазылды.

Бұл жеңіс 29 жастағы Ахмедовтің кәсіби мансабындағы 24-ші жетістігі болды. Айта кетерлігі, ол әлі де ақпан айында Астанада поляк боксшысы Мацей Сулецкиден не күткендең ойламаған жеңілістен кейінгі сенімділігін қайта қалпына келтіріп жүр. Сол кезде Ахмедов WBC Silver белдігінен айырылып қалған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie