Астанадағы сәтсіздік. Ахмедов нокаутпен жеңіліп, титулынан айырылды
Бокс
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: instagram
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) Астанада өткен бокс кешінде поляк спортшысы Мацей Сулецкиден (32-3, 12 КО) сенсациялық жеңіліске ұшырады.
Орта салмақтағы титул үшін жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңғы раундта аяқталды. Сулецки матчтың айқын фавориті Ахмедовты кенепке жіберді. Айта кетейік, жекпе-жек кезінде қазақстандық үш рет нокдаунға түсті.
- Жекпе-жектің барлық ең жарқын сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Осылайша, Мацей Сулецки WBC Silver чемпиондық белбеуін жеңіп алса, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңіліске ұшырады.
- Сондай-ақ оқыңыз: Нұртас Әжбенов Астана бокс кешінде сәтті өнер көрсетті