Қазақстан баскетболшылары іріктеу кезеңінің алдында сәтті жолдастық кездесулер өткізді
Қазақстанның баскетболдан ұлттық құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңіне дайындық аясында “Атырау барыстарына” қарсы екі жолдастық кездесу өткізді.
Бұл матчтарда ұлттық құрама өз шеберлігін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті – алғашқы ойында 81:69, ал екіншісінде 84:54 есебімен жеңіске жетті.
Алдағы маңызды ойындар 21 және 24 ақпанда өтеді: Қазақстан құрамасы Азия Кубогының іріктеу турнирі аясында Иран мен Катарға қарсы ойнайды. Қазіргі таңда қазақстандықтар Е тобында алты ұпай жинап, екінші орынды иеленіп тұр.
Топ көшбасшысы – жеті ұпайы бар Иран құрамасы, ал Катар Қазақстанмен бірдей ұпайға ие болып, үшінші орынға жайғасқан. Айта кетейік, топтық кезеңде алғашқы екі орынды иеленген командалар тікелей финалдық кезеңге жолдама алады, ал үшінші орын иегері қосымша іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болады.
Астана соңғы ширекті жеңді, бірақ ЦСКА-дан ірі есеппен ұтылды