locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана соңғы ширекті жеңді, бірақ ЦСКА-дан ірі есеппен ұтылды

Баскетбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Астана соңғы ширекті жеңді, бірақ ЦСКА-дан ірі есеппен ұтылды
ФОТО: БК Астана

13 ақпанда ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты маусымында мәскеулік ЦСКА өз алаңында «Астанамен» кездесті.

ЦСКА алғашқы ширекті ірі есеппен — 37:11 есебімен жеңді! Мәскеулік команда екінші және үшінші он минуттықта да басымдық танытты. Алайда, соңғы ширекте "Астана" жігер танытып, қарсыласынан 2 ұпай айырмасымен басым түсті.

Ойын ЦСКА-ның 118:77 есебімен жеңісімен аяқталды.

ВТБ Бірыңғай лигасы. Тұрақты маусым:

ЦСКА (Мәскеу) – Астана – 118:77 (37:11, 27:18, 28:20, 26:28)

Қазіргі таңда қазақстандық команда бір ғана жеңіспен турнир кестесінің соңғы орнында тұр. "Астана" биылғы маусымда жалғыз жеңісін «Самараға» қарсы** ойында тіркеген.

Келесі матчта "Астана" 1 наурыз күні "Зенитке" қарсы алаңға шығады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie