locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жігер мен сенім. Дмитрий Попко Морелиядағы турнирде топ жарып,чемпион атанды

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жігер мен сенім. Дмитрий Попко Морелиядағы турнирде топ жарып,чемпион атанды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger турнирінің чемпионы атанды. Финалда 28 жастағы спортшы жарыстың басты фавориті саналатын аустралиялық Джеймс Даквортты тізе бүктірді. Қарсыласы әлемдік рейтингте 95-орында тұр.

Ойын 1 сағат 47 минутқа созылды. Попко алғашқы сетте 1:6 есебімен ұтылып, қиын жағдайда қалды. Алайда екінші сеттен бастап мүлде басқа ойын көрсетті. Бастаманы өз қолына алып, шабуылда сенімді ойнады.

Челленджер. Морелия (Мексика). Финал
Дмитрий Попко (Қазақстан) — Джеймс Дакворт (Аустралия, 1) 2:1 (1:6, 6:2, 6:4)

Бұл Дмитрий Попконың ATP Challenger сериясындағы жекелей сындағы екінші титулы. Алғашқы жеңіс 2021 жылы Лиссабонда тіркелді. Сонымен қатар оның еншісінде ITF деңгейіндегі 26 біріншілік бар.

Морелиядағы турнирдің жүлде қоры 200 мың долларды құрайды.

Скатов Бухаресттегі іріктеу турнирінің финалына шықты, онда ол Алботпен кездеседі

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie