locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жартылай финалға жете алмады, бірақ табыс тапты: Рыбакинаның Берлиндегі сыйақысы белгілі болды

Рыбакина Берлиндегі өнерін аяқтап, рейтингіне ұпай қосты
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жартылай финалға жете алмады, бірақ табыс тапты: Рыбакинаның Берлиндегі сыйақысы белгілі болды
ФОТО: Getty images

20 маусым күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы беделді турнирде өнер көрсетуін ширек финал сатысында аяқтады. Қазақстанның үздік теннисшісі бірінші ракетка Арина Соболенкоға тартысты үш сеттік кездесуде есе жіберді.

Матч жоғары деңгейде өтті - екі теннисші де соңына дейін күресіп, көрерменге нағыз шоу сыйлады. Алғашқы сет тай-брейкке ұласып, онда белорусиялық спортшы сәттірек болды. Екінші сетте Елена ойын тізгінін өз қолына алып, есепті теңестірді. Алайда шешуші сетте де тартыс соңына дейін сақталып, тағы да тай-брейкке жетіп, бұл жолы да Соболенко жеңіске жетті.

Берлин турнирінің ширек финалына шыққаны үшін Рыбакина 108 рейтингтік ұпай мен 24 950 еуро көлеміндегі жүлде алды. Бұл нәтиже оның әлемдік рейтингтегі жоғары позициясын сақтап қалуына сеп болмақ.

Атап өтейік, Берлиндегі турнирдің жалпы жүлде қоры 925 661 еуроны құрайды. Бұл жарыс Уимблдон қарсаңындағы ең маңызды дайындық алаңдарының бірі саналады және оған әлемнің үздік теннисшілері қатысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie