locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зарина Дияс ширек финалда: алда – чехиялық теннисші

Қазақстандық теннисші Ямагутиден басым түсіп, Португалиядағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Зарина Дияс ширек финалда: алда – чехиялық теннисші
ФОТО: zarinadiyas инстаграм парақшасынан

WTA рейтингінде 246-орында тұрған қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияның Сейшале қаласында өтіп жатқан халықаралық ITF турнирінде сәтті өнер көрсетуде.

1/8 финалдық кезеңде Зарина Жапония өкілі Мэи Ямагутимен (WTA №275) кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті - 4:6, 6:3, 6:1. Қарсыласу 2 сағат 9 минутқа созылып, спортшының төзімділігін сынады.

Португалия. W50, Corroios-Seixal, ITF, әйелдер

Дияс – Ямагути - 4:6, 6:3, 6:1

Енді ширек финалда Дияс WTA рейтингінде 217-орында тұрған чехиялық теннисші Габриэла Кнутсонмен кортқа шығады.

Айта кетейік, бұл турнир ITF сериясына кіреді және жалпы жүлде қоры 40 мың еуроны құрайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie