Зарина Диас Испаниядағы ITF турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші ресейлік қарсыласын тоқтатып, енді жапон спортшысымен ойнайды
Теннис
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Испанияда өтіп жатқан ITF W35 сериялы турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
ITF W35. 1/4 финалы
Зарина Диас (Қазақстан) – Полина Яценко (Ресей) – 6:3, 2:0
Ширек финалда Диас ресейлік Полина Яценкомен кездесіп, матчты сенімді түрде бастап – 6:3, 2:0 есебімен алда келе жатқанда, қарсыласы турнирден бас тартты. Осылайша, Зарина келесі кезеңге автоматты түрде өтті.
Жартылай финалда ол жапон теннисшісі Хироми Абемен кездеседі. Бұл нәтиже Диас үшін соңғы айлардағы үздік көрсеткіштердің бірі саналады және оның рейтингте қайта жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.